Ответ:

Шығарма

Арыстан.

Арыстан – бұл мысықтар тобының ішіндегі әлемдегі өте үлкен мысық.Арыстанның әдемі көркі мен мақтанған,алып бейнесі «аңдардың патшасы» деп бекер аталмайтынына көз жеткіздереді. Көптеген халықтық ертегілерде кішкентай орман немесе шөлді жануарлардың арыстанды қожайын ретінде қалай тыңдайтыны, жаман қасқыр-қарақшылар одан қорқатыны айтылатыны белгілі.Дана халқымыздың «Арыстандай күшің болса,түлкідей әдісің болсын» деп айтып кеткеніндей,арыстандар жан-жануарлар ішіндегі ең күштісі,ең беделдісі.

Ең қызығы арыстандар ең кішкентай жүректің иесі.Яғни, аңдардың ішіндегі жүрегі ең кішкентай – ол арыстан.

Арыстан бейнесін кинематографияда кездестіруге болады. Ақырып тұрған арыстан американдық кино түсіру және кино өнімдерін жалға берумен айналысатын «Metro Goldwyn Mayer» серіктестігінің ресми логотипі. Арыстан – балалардың анимациялық қойылымдарының танымал бейнесі. Олардың бірі Дисней студиясының «Король Лев» атты мультипликациялық фильмі және одан кейін артына жылдар салып шыққан екінші және үшінші бөлімдері.Алекс атты арыстан «DreamWorks Pictures» студиясының «Мадагаскар», «Мадагаскар 2» және «Мадагаскар 3» мультипликациялық фильмдерінде басты рольде болды.

Мен арыстанды өз көзіммен Алматының зоопаркінен көрген едім.Темір торда тұрған ана арыстан жатқан жерінен тұрып,бері қарай жақындағанында мен бір қадам артқа шегінгенмін.Себебі, шыныменде,арыстанның бір қарасының өзі адамға қорқыныш сыйлайды.