Ответ:

Ғарышкер

Ғарышкер… Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ғарышкерлер жер мен көкті жалғап, аспан әлемі мен жерді жоғарыдан зерттеп, ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін адамдар. Бұл мамандық адамның ғарышқа ұшуынан кейін, яғни 1961 жылы пайда болды.

Ғарышқа ұшып, ғарышкер атану үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық  та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ғарышкерлер ғарышқа ұшпас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады.

Тәуелсіз Қазақстанмыздың ғарышты бағындырған үш қыраны бар, олар: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы; Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев — Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты және Айдын Ақанұлы Айымбетов — Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы, ұшқыш –инженер, полковник.

Әрбір ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар, әрине ғарышкерлердің өмірі «ғарышқа ұшқанға дейін» және «ғарышқа ұшқаннан кейін» деп екіге бөлінетіні айдан анық, аспан әлемі небір зерттелмеген сырларға толы ғой. Міне, осы жер мен көкті байланыстыратын көпір саналатын «Байқоңыр» ғарыш айлағынан әрбір ғарышкердің сапары бастау алады.