Ответ:

Қысқы ойындар

Балалар асыға күтетін жыл мезгілі — қыс та келіп жетті. Менің ойымша, қыс мезгілі ерекше. Себебі, айналаның барлығы ақ ұлпа қарға оранады, тіпті терезелердің өзі аяз салған оюларға толы ғой.

Қыс — менің сүйікті жыл мезгілім. Барлық балалар қысқы демалыстың басталғанын асыға күтеді, себебі әбден құмарлары қанғанша ойнауға болады. Біз көрші балалармен зулатып қырдан сырғанақ тебеміз, қалың қар түскенде аққала жасап, қар лақтырысып ойнаймыз.

Сонымен қатар қысты асыға күтуіміздің тағы бір себебі — ол жаңа жыл мерекесі мен Аяз атаның сыйлық беруі.