Ответ:
– «Тіл-ақылдың өлшемі» демекші,сенің сөйлеу тіліңнен сені танып,білуге болады.Сондықтан да,өз қазақ тіліңді шұбарламай әдемі сөйлеуге тырыс.
– «Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді» деп дана халқымыз айтып кеткендей,ана сүтімен өскен сен келешекте ары қарай даму,өркендей түсу үшін туған тіліңді меңгеруің қажет.
– Әрине,қазірге таңда бәрі де көп тіл біліп,оларда еркін сөйлегілері келеді.Алайда бұл жерде туған тіліміздің қандай мәртебеге ие екенін ұмытпағанымыз жөн.Себебі,ата-бабамыз «ана тілің алпыс тілге татиды» деп бекер айтпаған деп білемін.
– «Тілі өлген ел — тірі өлген ел» дегендей,қазақ тілін өзің ғана меңгеріп қана қоймай,өзгелерді де шақыр,баулы.Себебі,тіл елдігіміздің айғағы,алтын қазынамыз.
– «Туған ел-тұғырың,туған тіл-қыдырың» демекші,өз ана тіліңнің қадірін біл.Туған ел мен туған тілдің бір ұғым екендігін ұмытпағайсың.