Ответ:
— Сәлем,Евгений!Қалайсың?
— Сәлем,Алма!Жақсы,өзің ше?
— Менде де бәрі жақсы.Қалай қазақ тілін толығымен меңгеріп болдың ба?
— Әрине,жоқ.Қазақ тілі өте бай,әсем әрі күрделі тілдердің бірі ғой.
— Дұрыс айтасың,достым.Сенің қазақша сөйлеуің жақсарыпты.Сендей досым барына мен мақтанамын.Жарайсың!
— Рахмет,Алма!
— Біздің еліміз,Қазақстан,көпұлтты мемлекет қой.Елімізде сен секілді өзге ұлт өкілдерінің саны 130-дан асатынын білесің бе?
— Ия,естігенмін.Олардың ешқандай даусыз бірлікте өмір сүріп жатқандығы таңқалдырады.
— Қазақ халқы ежелден қонақжай,ақкөңіл.Осындай елде сен секілді өзге ұлт өкілдерімен өмір сүріп жүргендігіме қуанамын.
— Мен де.Олардың бәрінде өз тілдері,діндері,мәдениеттерә бар болса да,қазақ тілін сүйіп,қазақша сөйлеп,мәдениетін меңгеріп жатыр.Осы бейбіт күніміз ешқашан тоқтамасын!
— Ия,дұрыс айтасың.Ал ендеше менің мектепке баруым керек.Келесіде кездескенше!
— Жарайды.Сау бол!