Ответ:
Ответ:
Монолог дегеніміз не?
Монолог – (гр. monos — дара, гр. logos — сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.
Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді.
Монолог сөйлеудің жанрлық сипатына байланысты, қызметтік-коммуникативтік жағдайға қатысты (хабарлау, пайымдау, үгіттеу, т.б.) кейіпкердің төл сөзі, ғылыми баяндама, насихаттық сөздер болып бөлінеді. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен араласып та келе береді. Соңғы жағдайда диалогтық, монологтық сөз кестелері араласып, әрекеттесіп қолданылады.
Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.
Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі — бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монологтың өзіне тән байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірліктерді (единицаларды) таңдап жұмсау, біршама жинақы пікір сияқты өзгешеліктері болады. Бұл аталған белгілердің сөйлеу немесе жазу жанрларына байланысты (көркем монолог, шешендік сөз, тұрмыстағы әңгіме т. б.), функциональдық-коммуникативтік қызметіне қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әр түрлі монологтар көрініс береді.