Ответ:

7 Мамырға байланысты өлеңдер

1. Мейрамдарың құтты болсын жігіттер.

Болмасыншы көңілдеріңде күдіктер.

Мейрамдарыңмен аға,іні бауырлар.

Орындалсын алға қойған үміттер.

Қазақ жігіті керемет қой расында.

Жауапкершілік бар олардың басында.

Өзге ұлттардың жігіттері түк емес.

Кереметтей қазақ жігітінің қасында

Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман.

Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған.

Қазақ жігіт қытайдай көп жан емес.

Асыл олар, аз боп қана таралған.

(Авторы Төлегенов Мәди)

2. Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отанның да,ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

(Авторы Тоқтарғазиева Назира)

3. Алға, қазақ жігіттері.

Асыл текті туған,

Алаш кегін қуған.

Ерлері ел үшін,

Белін бекем буған.

Ақ білек күшімен,

Ақ найза ұшымен.

Қорғаған бабамның,

Үлгі алып ісінен.

Алға, алға, алға, қазақ жігіттері,

Сенім артқан, жансын халық үміттері.

Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,

Жаса мәңгі қазағымның жігіттері.

Жігіттер,жігіттер,

Биікке өрлеңдер.

Ел үшін,жер үшін,

Намысты бермеңдер.

Ардың күші дарып,

Жүрек дүрсіл қағып.

Жетіңдер жеңіске,

Шаршы топты жарып

Алға, алға, алға, қазақ жігіттері,

Сенім артқан, жансын халық үміттері.

Көк аспанда, желбіресін көк байрағым,

Жаса мәңгі қазағымның жігіттері.