Ответ:
Ы. Алтынсарин өзінің «Әке мен бала» деген шығармасы арқылы жастарды еңбекке тәрбиелеп, жалқау болмауға шақырады. Яғни оның пайымдауынша, аз ғана жұмысты істегісі келмеген, азға қанағаттанбаған адам көп жұмысқа тап болып, көптен құр қалады. Сондықтан адам жастайынан еңбек етіп, бойкүйездікке қарсы болуы керек.