Ответ:
Ответ:
Өсімдіктерді қорғау туралы.
Бізді қоршаған орта: жан — жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі.
Өсімдіктер — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі — жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда өсетін түрлері де кездеседі. Өсімдіктер қоры таусылғанымен, қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.
Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.
Менің ойымша, өсімдіктерді қорғау үшін олардың ресурстарын жаңартып, арам шөптерді жұлып отыру қажет.
Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестету мүмкін емес. Сондықтан жасыл көгал өсімдіктерді қолымыздан келгенше қорғап, келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!