Ответ:

Өз өмірім өз қолымда

«Өз өмірім өз қолымда» деген пікірмен толықтай келісемін, себебі, менің ойымша, барлық адамдарға бірдей мүмкіндіктер беріледі, ал енді сол мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану, өз қажетімізге жарату – тек қана өз қолымызда. Мысалға айталық, өзімізге жақсы көрінетін адам, немесе оқуда озат оқушы, я болмаса үздік спортсмен, біз бұл кісілерге қызыға қараймыз, бірақ сол кісілердің жеткен жетістіктері — қажырлы еңбектің арқасы, дегенмен ынтамен алдымызға жоспар қойсақ, мақсаттарымызды айқындап алсақ, бізде осындай белестерге жете аламыз, себебі бір тәулікте жиырма төрт сағат болса, бұл – бәрімізге ортақ дүние, біреуге аз, біреуге кем берілмейді, яғни біз өз — өзімізді қолға алып, еріншектіктен арылсақ, алдымызда үлкен мүмкіндіктер күтеді деп кәміл сенемін. Менің апам үнемі «Бір адамның істегенін екінші адам да істей алады» деп айтып отырады, демек еңсемізді түсірмей, өз — өзімізге сеніп, өз өмірімізді қолға алсақ болғаны.

Өз өмірімізді қолға алып, алға қарай қорықпай қадам басу керек, себебі бізді алда үлкен белестер күтуде. Әрине, «өмір- күрес» болғандықтан, оңайлықпен ешнәрсе болмас, дегенмен сол қиыншылықтарға мойымай, керісінше алға қарай ұмтылайық! Барынша жақсы болуға тырысайық!