Ответ:

— Сәлеметсіз бе, біз кішігірім сұхбат өткізіп жүр едік. Біздің сұрақтарымызға жауап беру үшін бір — екі минут уақытыңызды бөле аласыз ба?

— Сәлеметсіз бе, мархабат.

— Мәселен, ауа райы болжамы бойынша бүгін жаңбыр жаууы ықтимал екенін білсеңіз, өзіңізбен қолшатыр алып жүресіз бе?

— Ия, әрине. Мысалға бүгін жаңалықтардан жаңбыр жауатынын естіп, қолшатырымды алып шықтым.

— Ал асығып жүріп, қолшатырды үйде ұмытып кеткен күндеріңіз болды ма?

— Ия, ондай жағдайлар да болды. Ол күндері жаяу жүрмеуге тырысып, қоғамдық көліктің көмегімен жүруге тура келеді.

— Жауаптарыңызға көп рахмет! Сау болыңыз!

— Оқасы жоқ. Сау болыңыз!