Ответ:

Ответ:

Шығарма.

Шахтер.

Шахтерлер — жер астындағы пайдалы қазбаларды өндіру арқылы елдің өндіріс саласының, экономикасының дамуына үлес қосып отырған еңбек адамдары. Ал статистикалық мәліметтерге сүйенсек, шахтер мамандығы әлемдегі ең қауіпті мамандықтар арасында екінші орында екен. Дегенмен, әр мамандықтықтың өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары болатыны бәрімізге белгілі. Міне, осы қауіптен қорықпай, шахтер мамандығын таңдаған адамдар ішінде біздің де отбасымыз бар. Біз – шахташылар әулетіміз десек те болады. Біздің атамыз шахтер болған, қазір зейнетте. Сонымен қатар әкем мен көкелерім (әкемнің інілері) және ең үлкен ағам – барлығы да осы мәртебелі мамандықты таңдаған болатын. Біз қойнауы қазынаға бай Орталық Қазақстанның Қарағанды қаласының тумалары болғандықтан, біздің қаламыз ел арасында «шахтерлар қаласы» ретінде танылған. Қаламызда «Шахтер» стадионы, Шахтерлар көшесі, «Шахтер даңқы» секілді ескерткіштер бар.

Шахтер болу үшін мықты денсаулықпен қатар, асқан төзімділік, шыдамдылық, ептілік пен қайсарлық керек. Себебі, жер астында жұмыс істеу оңай емес.

Болашақта мен де осынау қиындығы мол болғанымен, мәртебесі зор шахтер мамандығының иесі болып, шахтерлар әулетін жалғастыруды армандаймын.