Ответ:
Ответ:
Буын үндестігіне бағынбайтын сөздер .
Буын үндестігі — сөз ішінде дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.
Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді. Бұл мұндай жағдайларда:
Басқа тілден енген сөздер(кітап, қадір, мұғалім, құдірет т.б.)
Біріккен сөздер (бойжеткен, баспасөз т.б.)
Қос сөздер(қыз келіншек, жоғары-төмен т.б.)
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
Көмектес септік жалғаулары: — мен, — бен, — пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
-тай, -тал, -дар, -еке, -тар ( шеше -тай, білім — дар, ата — еке, сезім — тал т.б.)
-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі — хана, Пәкі-стан, Шым — кент, пайда — күнем т.б.)
-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам — гер, пәле — қор, өнер — паз, кәсіп — қой, сөз-уар т.б.)
-ов,- ова, -ев,- ева, -ин,- ина (Cейсенбеков — тің, Aлмабаев — тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)