Ответ: Дәстүрлі әдет-ғұрыптардың бірі – асар. Бір адамның не отбасының әлі келмейтін күрделі істі бүкіл жұртшылық бірлесе жұмылып, бір-екі күнде бітіріп береді. Оған ешқандай ақы сұрамайды, міндет етпейді. Асарға шақырылғандар Алла жолында жәрдемдесу үшін өз еріктерімен келеді. Мысалы, баспана салу, шөп ору, пісіп тұрған егінді дер кезінде жинап алу, құдық қазу сынды жұмыстарда көпшіліктің күші қажет болады. Сондай жағдайға тап болған кісілер ағайын-тума, көрші-көлемді жинап асар жасайды. Кей кездерде асарды үйінде ауыр жұмыс істей алмайтын ересек адамдары жоқ отбасылар үшін жанашыр жандар өздері ұйымдастырып, істерін атқарып береді. Сондай-ақ, көпшілікке қажетті нысандар да кей кездері асардың күшімен аяқталған. Кезінде осындай сауабы көп салауатты салттың арқасында талай мешіт-медреселер бой көтерген.
Ырыс алды-ынтымақ тақырыбына шағын эссе — Правильный ответ на вопрос найдете ниже
22.01.2020 · 1