Ответ:

Адам бойындағы қасиеттердің бірі табиғатты аялау, яғни экология тәрбиесі. Ата – бабаларымыз тұнығы шайқалмаған табиғаттың қадір – қасиетін жеке түсінген. Ең алдымен жер – ананы аялап, бір қой егіз туса, бір топ бетеге артық шығады дей тұра жайылымның тозуына ешқашан жол бермеген. Орынсыз шыбық сындырған, көк шөпті жұлған бала жазаға тартылады. Жас ағашты кеспеген, отқа шөпшек, қараған, бұта немесе тезек жаққан. Халық табиғат байлықтарын өзіне ала отырып, одан аялы алақанын, қамқорлығын аяған емес. Судың тазалығын сақтау туралы көптеген тыйымдарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.  

Суды сапырма, саға дәретке отырма, суға түкірме.

Шелектегі суға аузыңды батырма.

Құдыққа түкірме.

«Табиғат» деген сөз туған жер, өскен ел, атамекен, жер – ана, ауылым деген жүрекке жылы естілетін сөздермен бір мағынада айтылады.  

«Жері байдың – елі бай»

«Күте білсен, жер жомарт»

«Қара жер қарыз арқаламайды» — деген даналқ мақал мәтелдерден табиғатқа қамқорлық жасаудың қажет екендігін аңғаруға болады.  

Табиғатты қорғау тірлікке қастандық жасамау, қатігездіктен аулақ болу.  

Құстардың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзбау керек. Қарлығаш – киелі құс. Оны жәбірлеуге, ұясын бұзуға болмайтынын айтып отыру керек. Қазақ қазынаның бірі – жер деп есептеген. Сондықтан халық ұғымындағы «қара жер», қасиетті жер деген ұғымдардың мағынасысоны толықтыра түседі. Халқымыздың табиғатқа деген қайырымдылық, қамқорлық сезімі, аялы алақаны, көздің қарашығындай қорғау білуі аты аңызға айналған Асанқайғы, күй атасы Қорқыт бабаларымыздың өсиетке толы сөздерінде елеулі орын алған.  

Табиғат байлығының бірі – өсімдіктердің шипалы қсиетін қазақ ерте кезденбастап білген. Әр күнделікті тұрмысында пайдаланып отырған. Табиғат қазіргі кездекөбірек қамқорлықты қажет етеді.  

Біздің өмір тіршілігіміз табиғатпен етене байланысты. Халқымыз табиғат құшағында тіршілік ете жүріп, оның алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келді. Біз өзімізді табиғаттың бөлінбес бір бөлігі, құрамдас тобы деп есептейміз. Табиғатпен бірлікте өмір сүру қажеттігін мақтан етемін, солай сезінемін.

Қазақ халқы табиғаттың қатаң жағдайында түрлі өзгерістеріне сай көшіп – қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді түрде жүргізіп отырды.  

Табиғатқа аялы алақан, жылы – жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігіне ерекше мән берді. Осыған орай халқымыздың да мінез – құлқы бірте – бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.

Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Адам ішітін судың таза, дәмді болуын үнемі ойлаған. Адам ертеден су көзінің өз үйіне жақын болғанын көздеген. Қазір көпшілік қалаларға су алыстан әкелуде.Қарағанды қаласы сумен Ертіс – Қарағанды каналы арқылы қамтамасыз етіледі. Суды залалсыздандырудың мақсаты адам ағзасына қауіпті микроағзаларды жою. Қазір біз хлорды кеңінен пайдаланамыз. Оның жағымсыз жақтары да бар.  

Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өң бойына жинап алған өлке.  

Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.  

Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.  

Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір адамзаттың абыройлы міндеті, әр парасатты парызы.  

Елімнің алтын кілті біздің қолда,

Құлыпты аша алмайсың, ол қиында.

Сондықтан білімді бол, уа достарым,

Алыс кетсең туған жерді аңсайсың.

Қасиетін сонда ғана байұайсың,

Ей, адамдар, алыс кетпей қасиетін ұқсаңшы.

«Табиғатты қорғау үшін мен не істеймін?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.  

Жан жануарларға қамқорлық жасаймын.

Жеміс ағаштарын көптеп отырғызамын

Гүл өсіремін

Табиғатты қорғау Ағаш отырғызамын

үшін Айналаны тазартамын  

Жерді құнарландырамын

2030-дың біз барысымыз,

Ешнәрседен саспайтын арысымыз.

Өркениетті елімізді гүлдендіру,

Алға қойған негізгі парызымыз.