Ответ:

Ответ:

Суды қалай үнемдеуге болады?

Су тамшылап тұрған краннан тәулігіне 24 литр, айына 720 литр, жылына 8 мың 784 литр су ағады екен. Осы суды қалай үнемдесек болады, соның жолдарын қарастырып көрейік:

— Тіс тазалаған кезде бір стаканға ғана су құйып алып, сонымен ғана тазалау. Сонда су босқа ақпайды.

— Мүмкіндік болса, ыдыс жуатын машина пайдалану. Егер ондай мүмкіндік болмаса, ыдысты қолмен жіған кезде ыдыс жуатын құралды көп пайдаланбай, сонымен қатар суды керегінше ғана ағызу керек.

— Жеміс – жидек, көкөністі арнайы ыдысқа салып жуу арқылы да біраз суды үнемдеуге болады.

— Сонымен қатар, екі түрлі ағызу режимі бар унитаз орнату. Ол әр қолданған сайын суды қажеттілік мөлшеріне қарай үнемдеуге көмектеседі. Қарапайым унитаз бір дегенде 9-15 литр су жұмсаса, осындай үнемді унитаз 3-6 литр су ағызады.

— Араластырғыш қосу тетігі. Әдетте суық су мен ыстық судың краны екі бөлек болады. Біз жылы су ағызу үшін әр кранды бір бұрап, біраз суды текке ағызып аламыз. Осы жағдайдың алдын алу үшін кранға араластырғыш қосу тетігін қою керек. Ол екі суды араластырып, тез арада жылы су ағызады.

Осылайша, тұрмыста қолданылатын қарапайым үнемдеу әдістері арқылы судың қорғалуына көмектесуге болады. Суды қорғау өмірді қорғау деген сөз.